Атырау, 13 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Үкімет басшысы зейнетақы рәсімдеудегі өзгерістер туралы айтты

2 144 просмотра

Мұқтаж қарт адамдардың барлығына атаулы көмек көрсетіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аға буын өкілдерін қолдау бойынша жұмыс жалғасады. 2024 жылы зейнетақыларды ресімдеу бойынша барлық рәсімдер проактивті форматқа көшу арқылы электрондық түрде көрсетілетін болады. Биыл зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау процестерінің 92 пайызы цифрланады», - деді А. Мамин. 

Оның айтуынша, мұқтаж қарт адамдардың барлығына атаулы көмек көрсетіледі. 

«Аға буын өкілдерінің тұрмыс сапасын жақсарту, денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында 2025 жылға дейін әрбір өңірде Белсенді ұзақ өмір орталықтары құрылады. Қазіргі кезде мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейді», - деді Үкімет басшысы. Оның сөзіне қарағанда, ортақ зейнетақылар жыл сайын инфляция деңгейінен 2 пайызға асырылып, индекстеліп отырады.

«Нәтижесінде 2025 жылы ортақ зейнетақы мөлшері 2020 жылғы деңгейге қарағанда 37 пайызға өседі», - деді Премьер-Министр.

12 ақпан 2021, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.