Атырау, 13 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тағы жүздеген қазақстандық қаржы пирамидасынан зардап шекті

1 958 просмотра
  • Қарағанды облысында жергілікті тұрғындар 80 миллион теңге салым салған қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
"Ақпанда Қарағанды облысында қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметі тоқтады. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18 пайыз және валютамен алты пайыз мөлшерінде жыл сайын табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден аса соманы жеке тұлғалардан жинап алған", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі "қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 180-нен аса жәбірленуші анықталған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

12 ақпан 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.