Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда көше мен алаң атауларын ауыстыруға тыйым салынбақ

1 990 просмотра

Қазақстанда халық санағы жүргізілгелі жатыр. Осы ауқымды науқан аясында елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге белгілі бір мерзімге мораторий енгізу ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының халқының ұлттық санағы жөніндегі 2021 жылғы арнайы комиссияның алғашқы отырысында айтылды.

"Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құрылымдау және жою және елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қарастырылды", делінген құжатта.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің құрамдас бөліктеріне - шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, жолдар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқалары жатады.

2021 жылғы халық санағын дәстүрлі форматта (үй-үйді аралау) және онлайн форматта өткізіледі, бұл кезде қазақстандықтар арнайы веб-сайт арқылы санаққа қатыса алады.

11 ақпан 2021, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.