Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда елді мекендердің атауын өзгертуге мораторий енгізіледі

2 186 просмотра


Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атауға мораторий енгізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Бұл мораторий әкімшілік-аумақтық бірліктерді (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) құруға, таратуға және қайта құруға, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауына және оны қайта атауға байланысты болады.

Айта кетейік, Қазақстанда онлайн-халық санағы 1 қыркүйекте басталып, 2021 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы үшінші санақ болады.

Халық санағы арнайы sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар қай жерде екеніне қарамастан өзі және отбасы мүшелері туралы ақпаратты енгізе алады.

Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық норма сақтала отырып өткізіледі.

11 ақпан 2021, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.