Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жоғары соттың судьясы пара алу кезінде ұсталды

2 185 просмотра

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қызметкерінің қамауға алынғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі уақыт аралығында бірлескен іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде, биылғы жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың судьясы ірі көлемде ақшалай пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлады құзырлы ведомства.

Ақшаны оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінде жұмыс істей жүріп, Түркістан облысындағы аудандық соттың судьясын бір жерден екіншісіне ауыстыруда көрсеткен көмегі үшін берілген.

Ақша берген аудандық соттың судьясы да Түркістан қаласында ұсталды.

11 ақпан 2021, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.