Еуропада электр қуатымен жүретін автокөліктерге сұраныс төмендеді. Қаржы дағдарысы қыспаққа алған халық енді аса қымбат көліктерді сатып алуға шамасы жоқ.
Жанармаймен жүретін көліктерге де сұраныс азайғаны анық. Мәселен, Ұлыбританиядағы көлік шығаратын кәсіпорын иелері дағдарыс салдарынан миллиондаған шығынға батқанын жеткізді. Ал, электр қуатымен жүретін көліктер қоршаған ортаны қорғауға қажет болғанымен, қарапайым халықтың қымбат темір көліктерді алуға мүмкіншіліктері жоқ.
Дереккөз: 24.kz