Атырау, 5 қазан 03:08
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Екі күн зауытта, екі күн ауылда

2 938 просмотра

Бүгін, 14 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей ДЬЯЧЕНКОНЫҢ (суретте) Атырау облысы бойынша 4 күндік жұмыс сапары басталды.

Жоғары шенді мейманның сапары дәстүрлі түрде полиэтилен тұрбалар мен тиекті арматуралар шығаратын «Шеврон» зауытына барудан басталды. Содан кейін оған «Рауан-Налко» ЖШС-нің мұнай өнеркәсібіне арналған химреагенттер шығаратын зауыты пен «Казтурборемонт» ЖШС-інің зауытын көрсетті.

Осы кәсіпорындарға барған кезде вице-спикер жұмысшылармен тілдесуді талап етті. Олардан еңбекақы мөлшерін, әлеуметтік пакет туралы сұрады. Оны салыстырмалы түрде табысты кәсіпорындарға апарғанын ескерсек, ол естіген жауаптарға қанағаттанғаны сөзсіз. Адамдар 110-250 мың теңге жалақы алатындықтарын айтқан еді.

Шеткерірек топталған, өзімен еріп келген мәжілісмендерден айырмашылығы Парламенттік сапар» жарияланымын қараңыз) Дьяченко жұмыс сапарының мақсаты туралы – президент жолдауын түсіндіруді ұмытпады. Бұл күн вице-спикердің облыс активіне қатысуымен аяқталды. Облыстың бұрынғы басшысының сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы бұл жолы айтылмады, Сергей Александрович тек аяқталмаған нысандар бар екенін сөз арасында атап өтті. Ал жаңа команданың жетістігі тұрғысында, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың оқушы балалары үшін ыстық тағам енгізілгенін, соғыс ардагерлерінің коммуналдық төлемдерден босатылғанын, қоғамдық көліктерде студенттердің жеңілдікпен жүретіндіктерін атап өтті.

Ертең, 15 қаңтарда парламент мүшелері Атырау университетіндегі кездесуге қатысып, содан соң медицина қызметкерлерімен кездеседі. Одан кейін АМӨЗ бен «Брандо» ЖШС-нің бір мәрте пайдаланылатын шприцтер шығаратын зауытына барады. 16 және 17 қаңтарда Исатай мен Махамбет аудандарына сапарлар жоспарланған. Егер кімде кімнің халық қалауларына қояр сұрақтары бар болса, олар «Ренессанс» қонақ үйіне аялдаған. Тек ондағы күзетті күшейтіп жіберген болар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 қаңтар 2013, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.