Атырау, 13 қазан 07:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Қарағандыда белгісіз ер адам кассирге бензин шашып, шағын несие ұйымын тонап кетті

2 102 просмотра

Қарағанды қаласындағы шағын несие ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Ер адам кассада отырған бойжеткенге бензин шашып, оны өртеп жіберетінін айтып, 120 мың теңгені алып кеткен деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 9 ақпан күні сағат 16.00-де Қарағанды қаласындағы шағын несие ұйымдарының бірінде болған. Медициналық бетперде киген екі белгісіз ер адам 28 жастағы кассирдің үстіне бензин шашып, оны қорқытып, 120 мың теңге ақшаны алып кеткен.

"Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

10 ақпан 2021, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.