Атырау, 2 мамыр 12:48
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жамаубаев жаңылды. Олардың айлығын қанша көтерсең де пара алады

2 822 просмотра

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің үстеріне оқалы шекпен кигізіп, иықтарына шен тағып, жалақыларын көбейту керек (?) деп ақылгөйсіпті, дейді желіде Көсемәлі Сәттібайұлы.

Құлақ жауыр болған әңгіме. Кезінде жол полициясы қызметкерлерінің айлығын көбейтсек, жемқорлығын қояды, "өздеріне ұсынған ақшаны көрсе жүректері айнитын болады" деген де "реформа" болған. Бірақ одан жол полицияларының арандары ашыла түспесе, тиылған жоқ. Ал басшылары жемге тойған қораздай мүлде жүре алмай қалды.

Сондықтан салық қызметкерлерінің үстеріне мундир кигізіп, иықтарына зерлі погон тағып, айлығын бәленбай есе көбейтсек, пара алмайды-мыс деген бекер сөз.

Министр мырза, сенбесеңіз, облыстық, қалалық, аудандық кіріс департаменттерінің басшыларының қабылдауына басқа адам боп барып көріңізші, ырғалып жүріп, ыңыранып сөйлеп, сәлеміңізді зорға алмаса маған келіңіз.

Қайта арнайы органдар олардың қаншама қаржыны уқит-суқит қып, қалай "асайтынын" тексеріп, әшкерелеуі керек.

Департамент сыртындағы ақылы қызмет көрсететін "дүңгіршектеріне" түсіп жатқан теңгелердің санын да білген абзал. Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?

Министр, шырылдайтын мәселе, міне, осы!

Ал жақсылық жасасаң, айналайын Үкімет, салық жинаушыға емес, алдымен салық төлеушіге жаса!

9 ақпан 2021, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.