Атырау, 7 маусым 18:40
 дождьВ Атырау +23.6
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Қазақстанда пәтер қымбаттады

2 130 рет қаралды

Қазақстанда пәтерлер қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы қаңтардағы деректерінен белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа тұрғын үй бағасы үш пайызға, қайталама нарықтағы пәтерлер бір айда бірден бес пайызға өскен.

Бастапқы тұрғын үйлерге жылдық өсім - 7,3 пайыз, қайталама нарықта - 17,9 пайыз.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 2,7 пайызға жоғарылады.

Кrisha.kz деректері бойынша, 2020 жылы желтоқсанның соңында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы бір жыл ішінде 17,2 пайызға өскен. Нұр-Сұлтанда өсім - 3,6, Алматыда - 11,9 пайызды көрсетті. Ең жоғары динамика Петропавлда, атап айтқанда - 28,7 пайыз, сондай-ақ Павлодар мен Семейде, тиісінше 26,5 және 25,2 пайыз.

9 ақпан 2021, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.