Атырау, 2 мамыр 18:09
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстан азаматтардың оффшорлық шоты туралы деректерді ала алады

1 858 просмотра

Қазақстан азаматтардың оффшорлық шоты туралы деректерді 100-ден астам юрисдикцияда ала алады. ЭЫДҰ мен Ұлттық банк арасында электрон мәлімет алмасу туралы құжатқа қол қойылды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшоризациялауға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) және Ұлттық банк электрон мәліметтер алмасу шеңберінде көпжақты Конвенцияға қол қойды. Осы жылдан бастап ЭЫДҰ-мен қазақстандық азаматтардың 100-ден астам юрисдикциядағы қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасуды бастаймыз", - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, тауарларды дұрыс декларациядан өткізбегені үшін кеден саласында әкімшілік жауапкершілікті күшейту жоспарланып жатыр. Бұл кеден саласындағы құқықбұзушылық санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін министр Қазақстанда салық қызметкерлерінің жалақысын көтеру және бірыңғай киім үлгісін енгізу қарастырылып жатқанын айтқан еді. Оның айтуынша, бұл шара жоғары білікті кадрларды сақтауға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстанда ЖК жабу рәсімі жеңілдетіледі.

9 ақпан 2021, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.