Атырау, 2 мамыр 16:52
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің бағасы арзандайды

1 801 просмотра

Елімізде жаңартылатын энергия көздеріне бағаның айтарлықтай төмендейтін болады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жиынтық қуаты 1,5 ГВт жаңартылатын энергетика жобалары үшін 2018-2020 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда - саттық электрондық форматта өткізілді. Соның ішінде 25 аукцион сәтті өткізілді. Сауда-саттыққа 12 елден, яғни Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Малайзия, Испания елдерінен 172 компания қатысты", - деді министр.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 58 компания жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен  жиынтық қуаты 1219 МВт-қа 15 жылға арналған келісімшарттарға қол қойды.

"Аукциондық жүйе "жасыл экономика" қағидатына сәйкес жүзеге асырылатын жобалар бағасының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн электр станциялары үшін – 64%, жел электр станциялары үшін– 30% және гидро электр станциялары үшін 19 пайызды құрады", - деді Н. Ноғаев.

9 ақпан 2021, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.