Атырау, 15 қаңтар 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Ескертусіз тексеруге енгізілген мораторий кәсіпкерлердің тәртібіне ықпал еткен - қаржы министрі

1 944 рет қаралды

Ескертусіз жүргізілетін тексерулерге үш жылға мораторий енгізгенен кейін кәсіпкерлер тәртібі төмендеген. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2020 жылдан бастап кәсіпорындарды тексеруге енгізілген мораторийдан кейін кассалық тәртіптің сақталмау дерегі көбейген. Көп кәсіпкер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қолданып жүр. Тек 2020 жылдың өзінде "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет" жобасы аясында МКК-ға заңбұзушылықтар туралы 16,5 мың хабарлама мен видео келіп түсті", - деді Қаржы министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мораторий салдарынан Мемлекеттік кіріс органдары жеті мың шағымға тексеру жүргізіп, жауап бере алмаған.

Ол Қаржы министрлігі Президент Жарлығы азаматтардың шағымдары мен мораторийді жосықсыз қолданатын субъектілерді тексеруге мүмкіндік бермейтіндіктен оған түзетулер енгізуді ұсынғанын атап өтті.

9 ақпан 2021, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.