Атырау, 13 қазан 07:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

1 452 просмотра

Ярослава Шведова жекелей сында жарысты ерте аяқтады

Аустралияның Мельбурн қаласында теннистен мәртебелі турнирлердің алғашқысы - Australian Open басталды. Турнирге қатысып жатқан қазақстандықтар арасынан алғашқы болып жекелей сында Зарина Дияс бірінші айналымнан өтті.

Қазақстандық теннисші алғашқы матчта словениялық Тамара Зиданшекті екі сет қорытындысы бойынша ұтты (6:1, 7:5). Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Зарина Дияс - WTA рейтингінде 81-ші, Зиданшек 132-ші орында тұр.

Өкінішке қарай, бала күтіміне байланысты үзілістен соң теннис кортына қайта оралған Ярослава Шведова жекелей сында жарысты ерте аяқтады. Ол алғашқы айналымда италиялық Камила Джорджиге есе жіберді (3:6 3:6)7

Дереккөз:Азаттық рухы


8 ақпан 2021, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.