Атырау, 13 қазан 07:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

«Байқоңырда» «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

1 745 просмотра

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-18» көліктік басқарылатын кемесін ұшыру алдындағы дайындықтары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Роскосмос-тың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар кестесіне сәйкес, сынақ-монтаждау корпусының жаңғырық шықпайтын камерасында кеменің автономды сынақтарының циклі өткізілді. Сондай-ақ «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына жақындауы мен түйісуін қамтамасыз ететін радиотехникалық аппаратураның қызметін тексеру бойынша операциялар жүргізілді.

«Союз МС-18» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылдың 9 сәуірінде ұшырылатыны жоспарланған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясының бортына келесі – 65-інші негізгі экспедицияның экипажын жеткізетін болады. 

Еске салайық, Байқоңырдан жақын уақытта болатын старттар: 2021 жылдың 15 ақпанында - «Прогресс МС-16» ғарыштық жүк кемесі, 28 ақпанында «Арктика-М» ғарыш аппараты ұшырылады.

8 ақпан 2021, 05:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.