Атырау, 13 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Елордада ұтыс ойынын ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

2 022 просмотра

Елордада гүл сататын дүкеннің ашылу құрметіне орай ұтыс ұйымдастырғандар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлерінің талабымен іс-шара тоқтатылды. Жағдай тұрақталып, жиналған тұрғындар үйлеріне тарап кетті. Іс-шараны ұйымдастырғандар мән-жайды анықтау үшін Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетсек, Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Дүкен ашылу құрметіне ұтыс ойынын өткізген. 

Сыйлық алуды қалайтын көптеген адам дүкеннің жанына жиналған. Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.


7 ақпан 2021, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.