Атырау, 13 қазан 07:29
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Темір тордың ар жағындағы төрт жігіттің бизнесі

3 647 просмотра

Семейдегі бұрынғы құқық қорғау саласының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі абақтыда бизнес қызып тұр. Қандай кәсіп дейсіз ғой?! Бөдене жұмыртқасының бизнесі. Абақтыдағы төрт жігіт бірігіп бөдене өсіріп, күніне жүз - жүз жиырма жұмыртқа жинап алып жүр. Рас, кәсіп өздерінікі емес. Жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отырған. Ал жалақыны жинаған жұмыртқаларына қарай алады екен, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы.

Темір тордың ар жағындағы төрт жігіттің тірлігін көруге рұқсат алу үшін тәуліктен аса күтуге тура келді. Себебі қатаң режимдегі абақты. Тағдыр темір торда тоғыстырған азаматтар жеті жылдан он жылға дейін жазасын өтеуде. Олар өткен жылы желтоқсан айында кәсіпкермен бірлесе келісімге келіпті. Қазір бөдене өсіреді, күнделікті жұмыртқасын жинайды. Сотталғандар мұнымыз бір жағынан ермек, екінші жағынан еңбек дейді.
Жұмыртқаларды жаңағыдай үш инкубатормен басады. Инкубатордан шыққан балапандар дәл осылай жеке жерде жетіледі. Қырық күнге дейін қоң жинап, қанат қатайтады. Жазасын өтеушілердің айтуынша, қазір бұнда мыңға тарта бөдене бар. Күніне жүзден жүз жиырмаға дейін жұмыртқа жиналады.

ӘДІЛЖАН САЛАЙДИНОВ, жазасын өтеуші:
– Он күн сайын бұған дәрілерін береміз. Крахмал береміз, иод береміз, құм береміз, соль береміз. Бөдене он жеті күнде дүниеге келеді. Ровно қырық күнде жұмыртқа береді.
Жұмыртқаны кәсіпкер қалаға сатылымға шығарады. Семейде жиырма данасы жеті жүз теңгенің маңайында. Бөдене бағбандарының жалақылары жиналған жұмыртқаға байланысты. Ал мекемедегі үш жүз отыз жазасын өтеушінің жетпіс проценті жұмыспен қамтылған.

РУСЛАН ҚАМАРЖАНОВ, ОВ 156/14 мекемесі тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы:
– Мекеме бойынша 190 сотталған еңбекпен қамтылуда. Барлықтары заңды түрде ақылы жұмыста. Олардың алынатын жалақыларынан әр сотталғандардың өзінің үкімі бойынша талап - арыздары бар ғой. Сол талап арыздарын өтейді және өздерінің отбасыларына көмектесіп отырады.

Азаматтар көктемде қосымша қаз, күрке тауық басын да көбейтіп, көбірек жұмыртқа алуды көздеп отыр. Ал жазғытұрым аяқталмай тұрған жылыжайға көңіл бөлмек ниетте екен.


7 ақпан 2021, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.