Атырау, 13 қазан 07:25
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтаулық бойжеткен курс пен тренингтерге қатысты қосымша шығарды

2 337 просмотра

Ақтау қаласындағы физика-математика мектебінің 18 жастағы тұрғыны Альбина Жайлаубаева «Chance» деп аталатын мобильді қосымша шығарды. Бұл қосымша арқылы елімізде қандай шаралар, тренингтер мен оқу курстары өтетінін көріп отыруға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Альбина мамандандырылған физика-математика мектебінің түлегі. Ол 2020 жылы мектеп бітірген. Қазіргі уақытта ол Австралиялағы жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүр. Ол болашақта кәсіпкер болғысы келеді. Ол мобильді қосымшаны қалай жасағанын және оның пайдасы туралы айтты. 

Бұл қосымшаны жасау үшін оның 6 ай уақыты кеткен. «Chance мобильді қосымшасы арқылы қолданушыларға (жасына немесе бағытына қарай) күнделікті елімізде болып жатқан және жоспарланған әртүрлі іс-шаралар, байқаулар, тренингтер, олимпиадалар, конференциялар, дәрістер, жәрмеңкелер, спорттық, мәдени, ғылыми жарыстар, гранттар, сабақтар, тегін және ақылы курстар туралы ақпаратты жан-жақты жинақтап, реттеп, ұсынып отыратын боламын. Сол іс-шараларға тікелей онлайн жазылу немесе өтінімдер беріп, ақысын онлайн төлеу, аудитория жинау сияқты көптеген қызмет түрін іске қосатын боламын», - дейді Альбина Жайлаубаева. 

Оның айтуынша, бұл қосымша қазақстандықтардың барлығы үшін қолжетімді болады. Ол болашақта көптеген ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдар және коммерциялық ұйымдармен серіктестік орнатпақ. Мобильді қосымшаны App Store мен Play Market-тен тегін жүктеп алуға болады.

Аталған мобильді қосымша 2020 жылдың наурыз айында іске қосылған. Оның айтуынша, осы мобильді қосымша туралы әзірге жақындары, достары, және таныстары ғана біледі. «Мұндай жобаны қолға алу оңай емес. Бастысы - қолға алған жобаң мен идеяң жүзеге асатынына сену. «Caspian StartUp» сияқты жобаларға қатысып, инвестор немесе демеуші табу, грант ұтып алудың маңызы зор», - дейді ол.

7 ақпан 2021, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.