Атырау, 13 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Зейнетақы платформасына тағы бір функция қосылды

2 082 просмотра
Көрнекі сурет

«Онлайн - платформада көптен күткен өзгерістер енгізілді. Енді, арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдері түскеннен кейін де, немесе өтініміңізді қайта өңдеуге қайтарған болса да қаражатты қолдану мақсатын өзгерте аласыз" делінген Отбасы банкінің желідегі парақшасында.

Жеке кабинетте өтінімнің мақсаттын қалай өзгертуге болады?

enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетіңізге ЭЦҚ арқылы кіріңіз;

Мақсатын өзгерту қажет өтінімді таңдаңыз;

ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ- пернесін басыңыз;

Ұсынылған тізімнен жаңа мақсатты таңдаңыз;

ӨТІНІМНІҢ МАҚСАТЫН ӨЗГЕРТУ - пернесін (қызыл батырма) басу арқылы әрекетті растаңыз;

Өтінішке қол қою арқылы өтінім мақсаттын өзгертуді аяқтаңыз. Яғни, енді жаңа өтініш жасау және мақсатты өзгерту үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Еске салсақ, бұған дейін аталған платформада пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туысыңыз берген қаражатты қосу мүмкіндігі берілген еді.

2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды.

Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. 23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.

7 ақпан 2021, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.