Атырау, 5 қазан 12:17
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қор нарығында келесі кезекте «КазМорТрансФлот» мен «КазТрансГаз» акциялары ұсынылады

1 564 просмотра

ҚМГ компанияларының ішінде қор нарығында келесі кезекте «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «КазМорТрансФлот» ҰТКК АҚ мен «КазТрансГаз» АҚ-ның акциялары ұсынылады. Бұл жөнінде «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ҚМГ және еншілес компания басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыс кезінде ҚМГ Басқарма төрағасы Ләззат Киинов мәлімдеді. 

«Атап өткендей, бүгінде мемлекет қарапайым азаматтардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысып, компаниялардың акционерлері атануына мүмкіндік жасап отыр. 2012 жылы «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында Президент тапсырмаларын орындау үшін отандық қор нарығына «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акциялары шығарылды. ҚМГ компанияларының ішінде келесі кезекте қор нарығында «КазМорТрансФлот» ҰТКК АҚ мен «КазТрансГаз» АҚ-ның акциялары ұсынылады», – деді Киинов.

«ҚМГ компаниясының тобы Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын орындау жне алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін», – деп қорытты ҚМГ басшысы.

ҚМГ Басқарма төраға Л.Киинов құрылымдық бөлімшелер мен еншілес мекемелерге ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырды. 

Дереккөз: bnews.kz

13 қаңтар 2013, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.