Атырау, 13 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

2 657 просмотра

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар станциясында «Шу-Алматы» бағытындағы жүк пойызының 10 платформасы рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысы Қордай ауданында «Бел-Аңырақай» аралығының 3858-шақырымында «Шу-Алматы» бағытындағы № 2534 жүк пойызының 10 бос платформасы (барлығы 54 бос платформа болған) рельстен шығып кетті, оның 7-еуі бүйіріне аударылды, 3-еуі рельстен тайды», - делінген ведомство хабарламасында. 

Оқиға салдарынан Отар станциясында жолаушылар пойыздарының кідірісі орын алды.

Атап айтқанда: 

- «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде 3 бала, 18 вагон); 

- «Алматы-Петропавл» бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, оның ішінде 43 бала, 16 вагон); 

- «Алматы-Атырау» бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон); 

- «Алматы-Қостанай» бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 19 вагон) кешіктірілді. 

«Төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Сағат 20.00-де ТЖД-ның жедел желі номері іске қосылды. Отар бекетінде Жедел медициналық көмек ауруханасы кезекшілік атқаруда. 

Сағат 21.30-да тақ жолдағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «ҚТЖ» ҰК» АҚ күшімен жүргізілуде. Оған 50 қызметкер, 6 бірлік техника және Шу мен Алматы станцияларындағы 2 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған», - дейді ТЖД баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, оқиға орнына облыстық ТЖД-ның – 4 және полицияның 6 қызметкері аттанған.

7 ақпан 2021, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.