Атырау, 13 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанның 8 өңірінде жол жабылды

2 077 просмотра

Еліміздің сегіз өңірінде жол жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли баяндады, деп хабарлайды ҚазАпарат.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - деді Талғат Уәли. 

Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды. 

«Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. 

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», - делінген министрлік хабарламасында.

7 ақпан 2021, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.