Атырау, 21 желтоқсан 23:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда коронавирус бойынша "қызыл" және "сары" аймақ жаңарды

2 991 рет қаралды

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта екі өңір қалды – Ақмола және Павлодар облыстары, деп хабарлайды sputnik.kz.

6 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.

Бұл аймақта сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары тұр. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.  

Еске сала кетейік, карантиннің жеңілдетілуі немесе күшейтілуі түс градациясына байланысты болады.

Тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.  

6 ақпандағы мәлімет бойынша, өткен тәулікте елде 1141 адамнан COVID-19 табылды. Павлодар облысы өңірлер арасында науқастар санының өсімі бойынша көш бастады – 223 науқас.  

6 ақпан 2021, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.