Атырау, 24 желтоқсан 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Цой ШҚО-да қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

3 169 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жедел жәрдем дәрігерлерінің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, бұл трагедия дәрігер болудың қаншалық қауіпті екенін көрсетті.

"Ауа-райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады. Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.
Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр", - дейді Цой.

Ол қазір Семейдегі ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тіледі.

4 ақпан 2021, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.