Атырау, 26 желтоқсан 15:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Үндістан Қазақстаннан Қашағандағы үлесті сатып алу келісіміне қолдау көрсетуді сұрады

2 537 просмотра

Үндістанның Мұнай және газ өнеркәсібі министрі Виираппа Мойли Қазақстаннан Қашаған кенішіндегі акцияны сатып алуға қатысты ONGC Videsh Ltd компаниясының әрекеттеріне қолдау көрсетуді сұрап отыр.

«OVL компаниясы ConocoPhillips-пен Қашаған кенішінен ConocoPhillips акциясын сатып алу туралы келісімге қол қойды. ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз мөлшердегі қатысу үлесін сатып алу туралы OVL ұсынысы Қазақстан үкіметі мен серіктестер консорциумында мақұлданады деп үміттенеміз», - деді Мойли Үндістан мен Қазақстанның үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысында сөйлеген сөзінде.

Министр сонымен қатар Үндістан мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалы процесін жеңілдету қажеттілігін атап өтті.

Қазіргі уақытта жүктердің көп бөлігі Иран порты арқылы тасымалдау проблемаларына байланысты Еуропа және Қытай порттары арқылы тасымалданады.

«Батыс елдері енгізген санкцияларға ғана емес, жүк өткізілетін бірнеше елдердің кедендік бекеттеріндегі кідірістер мен шамадан тыс тексерулерге байланысты да проблемалар туындап отыр. Жүктерді Қытай арқылы тасымалдау қытай порттарына көліктердің көп шоғырлануы салдарынан қолайсыз болуда. Біз тасымалдау мәселелерін қарайтын жұмыс тобының белгіленген мерзімнен бұрын шақырылғанын қалап отырмыз», - деді Мойли.

Үндістандық компаниялар Қазақстаннан тыңайтқыштар өндіретін зауыттар салу мүмкіндігін қарастыруда.

Дереккөз: Hindu Business Line (West Kazakhstan Today аудармасынан)

11 қаңтар 2013, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.