Атырау, 31 наурыз 21:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Күреле ме, қайтеді?

2 021 просмотра

Өткен жылдың 24 желтоқсанында бірінші қабаттағы едені опырылып түскен Сырдария көшесі, 5 мекен-жайындағы жатақхана ғимаратын («АЖ» №52, 27.12.12 жыл – «Іргесі сөгілген жатақхана» жарияланымын қараңыз) тексеріп жатқан Сейсмология институтының мамандары  қалалық әкімдікке сараптама қорытындысын қаңтардың аяғында ұсынбақ.

Бұл туралы облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Қуаныш МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫ хабарлады. Мамандар жатақхана әрі қарай мекен етуге жарамды ма әлде күрелуі тиіс пе деген сұраққа жауап берулері тиіс. Олар іргетасқа, қабырға мен топырақ қабатына тексеру жүргізді, қазір құрылымның беріктігі есептелуде. Естеріңізге салсақ, ғимарат әзірге бос тұр, 111 тұрғын мектеп-интернатқа орналастырылған, тағы 20 адам – Қарттар үйінде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қаңтар 2013, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.