Атырау, 23 желтоқсан 16:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан туу көрсеткіші бойынша 105-орында тұр

2 569 рет қаралды

Туу көрсеткіші туралы рейтингте Қазақстан 229 елдің арасында 105-орында тұр. Әрбір 10 мың адамға 164 нәрестеден келеді. Көш басында Нигер (10 мыңға 475 шақалақ), Ангола (427) және Уганда (423) тұр. Ал соңғы орынға Монако (64 сәби) жайғасқан, деп хабарлайды 24.kz. finprom.kz сілтемежасап. 

ЕАЭО елдері арасында Қырғызстан алдыңғы қатарда: 10 мың адамға – 206 сәбиден келеді. Арменияда – 119, Ресейде – 100, Беларусьте – 95. 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 389,9 мың нәресте дүниеге келген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 процентке көп. 

Өңірлер бойынша жоғары көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі (14,3%) – 55,3 мың. Одан кейін Алматы облысы (49,1 нәресте) мен Алматы қаласы (32,3 мың) тұр. 

Өткен жылдың 11 айында 1 жасқа дейінгі 3 мың нәресте өлімі тіркелген. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 1,8%-ке кем.  


3 ақпан 2021, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.