Атырау, 9 мамыр 00:21
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қырғызстанда қару-жарақ пен әскери техникаға салық салынбайтын болды

1 484 просмотра

Қырғызстанда қару-жарақ пен әскери техникаға қосылған құн салығы мен кедендік баж салығы салынбайтын болды. Қырғызстан Республикасы Президенті Алмазбек Атамбаев тиісті заңға қол қойған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қабылданған заңға сәйкес, елдің қорғанысын, ұлттық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қырғызстанның мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдар импорттайтын қару-жарақ, әскери техника, әскери мүлік, арнайы техника мен арнайы құралдарға ҚҚС мен кедендік баж салығы салынбайтын болды», деп жазылған хабарламада.

Парламент 2012 жылдың 20 желтоқсанында аталған заңды қабылдады.

Дереккөз: bnews.kz

11 қаңтар 2013, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.