Атырау, 24 желтоқсан 06:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR код беріле бастайды

1 881 рет қаралды

COVID-19-қа қарсы вакцинациядан кейін қазақстандықтарға QR кодтар беріледі, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, - деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жеке иммундық мәртебесі туралы QR код ақпаратымен қамтылған Egovmobile мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр, ол Ashyq медициналық қосымшасына кіріктірілген, - деді Цой.

Оның айтуынша, онда азаматтардың медициналық ақпараттық жүйесі толықтырылған, соның ішінде QR-код та бар, ол арқылы адамның COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен-өтпегендігін білуге болады.

Министр ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинациялау және ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық шаралар қабылданғанын және 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау науқаны басталғанын еске салды.

Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыруға және жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныс жасалды, сонымен қатар вакциналарды сақтау мен тасымалдау ережелері түзілді, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді Цой.
2 ақпан 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.