Атырау, 27 желтоқсан 06:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ұйқысын қимаған Ұлыбританияның еңбек министрі сұхбатына кешігіп қалған

1 960 просмотра

Ұлыбританияның еңбек министрі Мэттью Хэнкок (Matthew Hancock) ұйқысын қимай, сұхбатына кешігіп қалған. Онда ол 16 мен 24 жас шамасындағы жастарға жұмысқа тұру жөнінде кеңес беруі керек болатын, деп жазады Лента.ру The Daily Mail газетіне сілтеме жасап.

Алдын ала жоспарланғандай, министрдің қатысуымен өтетін бағдарлама тікелей эфир арқылы британдық ірі телеарналардың бірі ITV-дің таңертеңгілік прайм-таймында көрсетілуі тиіс болатын.

Эфир таңғы 6:40-та басталуы керек еді. Газеттің хабарлауынша, телеарна министрдің соңынан жеке жүргізушісі бар ұжымдық автокөлігін де жөнелткен. Алайда, Хэнкоктың айтуынша, ол бір минутқа кешігіп, соның кесірінен эфирге қатыса алмаған. Оның кешігуіне ұйқысынан уақытылы ояна алмауы себеп болыпты.

«Тағы да дәлелденді: жұмысқа кешікпеу керек, әйтпесе оның салдары ауыр болады. Мен оны жеке тәжірибемнен білемін», - деп жазған министр өзінің Твиттердегі шағын блогында.

Дереккөз: bnews.kz

11 қаңтар 2013, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.