Атырау, 22 сәуір 12:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Қазақстан Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды

2 133 рет қаралды

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартысында пайда болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі америкалық өндірушімен елге Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың айтуынша, Pfizer-ді Қазақстанға жеткізу туралы алдын ала келісімдер бар.

"Екінші жартыжылдықтан бастап Pfizer Қазақстан үшін қолжетімді болуы мүмкін. Алдын ала келісімдер бар. Pfizer компаниясымен меморандумға қол қойылды. Талқылау барысында егжей-тегжей мәселелер шешіледі", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, вакцина тапшылығы болғандықтан, компанияның басқа елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмей тұр. 

1 ақпан 2021, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.