Атырау, 29 наурыз 20:21
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АҚШ-та «Оскар» номинанттары аталды

1 739 просмотра
 
 
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте 10 қаңтар күні «Оскар» киносыйлығына номинанттар аталды. Бұл туралы Lenta.ru жазды.

Ең көп аталым бойынша «Оскарға» Стивен Спилбергтің «Линкольн» (12 аталым) және Энг Лидің «Пи өмірі» (11) картинасы ұсынылып отыр.

Аталған екі лентадан бөлек «Ең үздік фильм» номинациясына Михаэль Ханектің «Махаббат», Бен Аффлектің «Арго операциясы», Том Хупердің «Шеттетілгендер», Квентин Тарантиноның «Босатылған Джанго», Дэвид О. Расселлдің «Менің жігітім - есуас», Кэтрин Бигелоудың «Нысана нөмір бір» және Бен Зайтлиннің «Жабайы оңтүстіктің жануарлары» фильмдері ұсынылды. Режиссерлік номинация үшін Ханеке, Зайтлин, Ли, Спилберг және Рассел таласатын болады.

Ең үздік әйел рөлі аталымында сыйлықты «Нысана нөмір бір» картинасындағы рөлі үшін Джессика Честейн, Квенжане Уоллис («Жабайы оңтүстіктің жануарлары»), Наоми Уоттс ("Мүмкін еместік"), Дженнифер Лоуренс («Менің жігітім - есуас») және Эмммануэль Рива ("Махаббат") алуы мүмкін.

Басылымның жазуынша, Уоллис басты рөл үшін жүлдеге ұсынылған ең жас актриса болып табылады, ол небәрі 9 жаста.

Ерлер арасындағы осындай аталымда үздік үшін бақталасқа Брэдли Купер («Менің жігітім - есуас»), Дэниел Дэй-Льюис ("Линкольн"), Хью Джекман («Шеттетілгендер»), Хоакин Феникс ("Шебер") және Дензел Вашингтон ("Экипаж") түседі.

Екінші пландағы ең үздік ер адам рөлі номинациясына Кристоф Вальц («Босатылған Джанго»), Роберт де Ниро («Менің жігітім - есуас»), Алан Аркин ("Арго операциясы'"), Томми Ли Джонс ("Линкольн") және Филипп Сеймур Хоффман ("Шебер") ұсынылып отыр. Әйел рөлі үшін -  
Салли Филд ("Линкольн"), Энн Хэтэуэй («Шеттетілгендер»), Хелен Хант ("Суррогат"), Джеки Уивер («Менің жігітім - есуас») және Эми Адамс ("Шебер") таласады.

Толықметражды мультфильмдер санатында «Батыл жүрек» (режиссерлар Марк Эндрюс және Бренда Чепман) "Франкенвинни" (Тим Бертон), "Паранорман, немесе Зомбиді қалай үйретуге болады" (Сэм Фелл және Крис Батлер), "Пираттар! Бейбақтардың  бандасы" (Питер Лорд) және "Ральф" (Рич Мур) ұсынылған.

Американдық киноакадемияның 85-інші сыйлығын тапсыру салтанаты 24 ақпан күні Лос-Анджелесте өтеді. Жүргізушілер - "Гриффины" мультсериалының авторы Сет Макфарлейн және актриса Эмма Стоун.

Дереккөз: inform.kz

11 қаңтар 2013, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.