Атырау, 22 қараша 18:51
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Парижде үш күрд белсенділерін оққа байлады

1 822 просмотра
 
Парижде үш күрд белсенділерін оққа байлады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Оқ жарақаттарын алған әйелдердің мәйіттері Күрд ақпарат орталығында табылды.

Өлтірілген әйелдердің бірі - Сакине Кансиз Күрд жұмыс партиясының негізін салушысы болды. Марқұм болған басқа әйел Брюселльде орналасқан Күрдістан ұлттық конгресінің өкілі болған.

Болжам бойынша әйелдер кеше күндіз өлтірілген. Оларды бастарынан атып өлтірген. Қылмыстың себептері әзірге белгісіз, ешбір қылмыстық топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Онымен бірге кісі өлтіру оқиғасын тергеу жұмыстарына кеңседе бейнебақылау камераларының орнатылмауы қиындық тудыруда. 

Францияның ішкі істер министрі Мануэль Валльс оқиға орын алған жерге барды, ол қылмысты тергеу жұмыстарын өзінің жеке бақылауына алатынына уәде етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 қаңтар 2013, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.