Атырау, 27 сәуір 01:57
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ауғандықтардың 70 пайыздан астамы ауызсуға зәру

1 786 просмотра
Ресми статистикаға сәйкес ауған халқының 73 пайызы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр, ал 95 пайызының дені дұрыс кәріз жүйесі жоқ, деп хабарлады Iinanews басылымы.

Осының нәтижесінде, әсіресе, жарамсыз суды пайдалану салдарынан бұл елде сырқат түрлері кеңінен тараған. Аурудан күніне 133 бала көктей солып, көз жұмады. Жылына бұл көрсеткіш 48,545 мыңға жетіп жығылатын көрінеді.

Ауызсудың жоқтығы мен кәріз жүйесіне қатысты мәселе ауған халқының бас ауруына айналып отыр. Ауылдық жерлер ғана емес, сонымен бірге, жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан ауған қалаларының көбісі осындай түйткілмен бетпе-бет келіп отыр.

Түйінге айналған түйткілді тарқату үшін қалалық елдімекендердің жоспар-жобасын қолға алуы керек. Ауғанстан астанасы – Қабул тұрғындарының тек 25 пайызы ғана ауызсу ішіп отыр деуге болады. Ел тұрғындарының көбісі өзен, көл, құдық секілді су көздеріне қол жеткізе алмай отыр.

Осы айтылған су көздерінің көбісі ластанған. Індет ошағына айналып отырған жайы бар. Осының кесірінен жылына мыңдаған адамның суішкілігі таусылып, дүниеден озады. Әсіресе, балалардың арасында өлім-жітім көп.

Дереккөз: muslim.kz

10 қаңтар 2013, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.