Атырау, 19 наурыз 13:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады – Бекшин

2 486 просмотра

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і - 20-39 жастағы азаматтар, 27-28%-і - 40-59 жас аралығындағы тұрғындар

Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы төрт күнде күрт нашарлады. Күніне 125, 140 адамға дейін инфекция жұқтырды. Соған байланысты 25 қаңтардан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Біз қазір арнайы іс-шара әзірлеп, енгізуге дайынбыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Індет басталғалы Алматыда 21 547 адам инфекция жұқтырды, 1 662 коронавирустық пневмония тіркелді. Қаңтарда қалада 3 026 адам коронавирус жұқтырған, 237 адам пневмонияға шалдықты.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда COVID-19 індетінің алғашқы толқыны наурыз–сәуір айларында басталды. Шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп, инфекция таралуының шыңына жетті. Қыркүйекте індет жұқтырғандар саны төмендеді. Қазанда инфекцияның таралу қарқыны өсті, қазіргі уақытта пандемияның екінші толқыны жалғасуда.

"Алматы қаласы 8 желтоқсаннан бастап "сары" аймақта болды. Екі рет қысқа мерзімге "жасыл" аймаққа өттік. Алайда 31 желтоқсаннан бастап инфекция жұқтырғандар күрт көбейді, бұл күні 110 адамнан коронавирус табылды", - деді Бекшин.

Науқастардың 40%-і қоғамдық орында, 20%-і қоғамдық көлікте, отбасы ішінде 28%-і жұқтырды.

Айтуынша, кейінгі үш аптада отбасылық іс-шара, сондай-ақ, кинотеатрлар мен театрға барып инфекция жұқтырғандар анықталды. Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і 20-39 жастағылар, 27-28%-і 40-59 жас аралығындағы тұрғындар. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, олар сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.

27 қаңтар 2021, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.