Атырау, 26 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаңартылған Lada Niva шығады

2 807 просмотра

Желіде 2024 жылы жарық көретін жаңа Lada Niva туралы ақпарат тарады. «Авторевю» басылымының дерегіне сүйенсек, кроссовер АВТОВАЗ бен француз-жапон альянсы технологияларының гибриді болады, деп хабарлайды Kolesa.kz.

«Ниваның» CMF-B платформасын иеленетіні белгілі. Жол талғамайтын көліктің ұзындығы 4.3 метрден сәл асады, ал дөңгелек базасының көлемі — 2.6 метр. Автокөлік 240 миллиметрлік клиренспен де ұсынылады.

Капот астына альянстың 1.3 литрлік турбомоторы мен Ресейде жасалатын 1.8 литрлік атмосфералы мотор орнатылады. Екінші қозғалтқыш 6 сатылы механикамен не вариатормен жұмыс істейді. Ал бірінші агрегат үшін тек сатысыз қорап қолжетімді.

Lada Niva-ның алдыңғы жетекті түрленімі болмайды, бірақ толық жетекті екі нұсқа ұсынылады. Қарапайым көлікте артқы осьті электромагнитті муфтамен қосу жоспарланып отыр. Жол талғамайтын нұсқасы үшін шеберлер екі борттық фрикционды пакеті бар редуктор әзірлеуде.

27 қаңтар 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.