Атырау, 23 қараша 01:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР СІМ-і «Байқоңырды» қайтару туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр

7 933 просмотра

АСТАНА. 10 қаңтар. BAQ.KZ - Жуырда Талғат Мұсабаев Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің меншігіне қайтарылуы мүмкін деген еді. Сондай-ақ, «Роскосмосты» «Бәйтерек» зымыран кешенін салуды кешеуілдетіп отырғаны үшін сынаған болатын. Енді, осыған байланысты Астана мен Мәскеу арасында Байқоңырға қатысты түсініспеушіліктер туындап, Ресей Қазақстан Үкіметіне ресми наразылық нотасын жолдады деген ақпарат шыққан. Олар, Астанадан «Қазғарыш» төрағасының мәлімдемелерін түсіндіріп беруді талап еткен.  

10 желтоқсанда Талғат Мұсабаев Ресейге 50 жылға жалға берілген Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның меншігіне қайтарылуы мүмкін деп дүйім жұртты елең еткізген. Ресейдің шамына тиген де осы пікір болатын. Мұсабаевтың бұл пікірін ҚР Сыртқы істер министрлігі тағы да жоққа шығарып отыр.
Осыған байланысты ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Ілияс Омаров:
– Қазақстан Президенті мен Ресей басшысының 19 желтоқсанда Мәскеудегі кездесуінде ғарыш саласының маңыздылығын кезекті рет атап айтқаны кездейсоқтық емес. Екі ел басшысы «Байқоңырды» сақтап қалу біздердің екіжақты сәтті қарым-қатынасымыздың символы іспетті екенін түсініп отыр, – дейді КТК арнасына берген сұхбатында.

Дереккөз: baq.kz

10 қаңтар 2013, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.