Атырау, 25 сәуір 13:59
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Маңғыстау жолында полиция қызметкерлері арнаулы техникада отырған балаларды тоқтатты

Бейнежазба
2 442 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында арнаулы тиегіш техниканың тізгіненде отырған балалардың бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл видео өткен жылдың қазан айында түсірілген. Осы жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған.

26 қаңтарда әлеуметтік желіде тиегіштің тізгінінде кәмелет жасыфна толмаған балалар отырған бейнежазба жарияланды.

- Аталған факті бойынша Жаңаөзен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Сондай - ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер 127-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бап (Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша хаттамалар жасады, - деп хабарлады өңір полициясы.

Іс материалдары Жаңаөзен әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бөліміне тапсырылды.


27 қаңтар 2021, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.