Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Джеки Чан Қазақстанның Олимпиада чемпиондарымен бірге фильмге түсуі мүмкін

1 571 просмотра
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - «Олимпиадашылар» жаңа қазақстандық телесериалында Голливудтың танымал актері Джеки Чан түсуі мүмкін.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоба режиссері Питер Берман айтып берді.

Сериалға түсуге ұсыныс Илья Ильинге, Серік Сәпиевке және Александр Винокуровқа жасалды. Олар сериалда үш досты ойнайтын болады.

Режиссер сериалға бұдан бөлек, 2-3 шетелдік жұлдызды тартуды жоспарлауда. Берманның айтуынша, қазір Джеки Чанмен келіссөздер жүргізілуде, бірақ оның сериалға қатысуы қымбатқа түспек. Осы себепті фильм авторларына демеушілерді іздеуге тура келуде.

Сюжет бойынша барлық үш дос интернаттың тәрбиеленушілері болып табылады. Берман Винокуровтың балалық шағында-ақ қол жеткізген алғашқы жеңісін көрсетпек, Олимпиада чемпионы сериалда Виноградов болады. Ал Серік Сәпиевтің кейіпкері болса көше төбелесінде жарақат алып, мүгедек болып қалады. Оның қайта
аяққа тұрып кетуіне оның экстрасенс әжесі көмектеседі. Сериал желісі бойынша Сәпиевті жауынгерлік өнерге Джеки Чан үйретеді.

Фильмнің түсірілімі 2013 жылы басталады деп күтілуде. Бұған дейін Берман өзінің фильмдерінің бірінде Джордж Клуни мен Жерар Депардье түсуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ олармен келіссөздер оң аяқталмады.

Дереккөз: inform.kz

10 қаңтар 2013, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.