Атырау, 23 қараша 01:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астанада темір жол вокзалына «жарылғыш зат» қойылды, 350 адам қауіпсіз жерге көшірілді

1 930 просмотра

АСТАНА, 10 қаң  -Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада темір жол вокзалына «жарылғыш зат» қойылды, 350 адам қауіпсіз жерге көшірілді, жарылғыш зат табылған жоқ деп хабарлайды Қазақстан ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
 
Ведомствоның мәліметінше, өткен сәрсенбіде түнде Жедел басқару орталығының «102» операторына белгісіз ер адам хабарласып, Астана теміржол бекетінде жарылғыш зат қойылғандығы туралы телефон соқты.

«Тезарада барлық жедел әрекет ету қызметтері, атап айтқанда, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар департаменті, Бас көлік прокуратурасы, жедел мидициналық жәрдем қызметтері оқиға орнына тартылды»,-делінген хабарламада.
 
Көліктегі ІІД-нің Ішкі істер желілік басқармасының жеке құрамы дабылмен көтеріліп, оқиға орнын қоршауға алу ұйымдастырылды. Теміржол вокзалының 150 қызмет көрсету персоналы мен 200 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді.
 
«Ішкі істер органдары кинологиялық орталығының қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы теміржол вокзалы ғимараты мен оның барлық аумағы тексеріліп, жарлығаш зат табылған жоқ»,-деп атап көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше,  соның салдарынан «Астана-Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.
Жалған ақпарат берген адамның жеке-басын анықтау үшін іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.

Дереккөз: newskaz.kz

10 қаңтар 2013, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.