Атырау, 24 желтоқсан 04:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

WhatsApp желісін 30 млн аса пайдаланушы қолданбайтын болды

1 984 рет қаралды

Соңғы 3 аптада WhatsApp сервисі 30 миллионнан аса қолданушысынан айырылды. Сонымен қатар, қазір шамамен 25 миллион пайдаланушы Telegram, ал тағы 7,5 миллион қолданушы Signal сервисін қолданады, - деп хабарлайды Тенгриньюз The Guardian сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Signal-ды бірнеше жыл бұрын АҚШ-тан қашқан ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден "ең қауіпсіз қызметтердің бірі" деген болатын.

Журналистердің сөзінше, WhatsApp пайдаланушыларының жаппай "кетуі" осы платформада қызмет көрсету шарттарын нашар дайындаудан болып отыр. 

Көптеген пайдаланушы бұл мессенджердің өзінің бас компаниясы - Facebook-ке мәлімет беруімен байланысты хат алмасудың құпиялылығын жою қаупін көрді.

Бастапқыда WhatsApp мессенджерінің қызмет көрсету саясатындағы өзгерістер 2021 жылдың 8 ақпанында күшіне енуі керек еді. Алайда, пайдаланушылар санының азаюына байланысты оларды енгізу 15 мамырға ауыстырылды.

26 қаңтар 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.