Атырау, 11 желтоқсан 12:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Минсктегі пәтерлердің бірінен Қазақстан және Ресей азаматының өлі денелері табылды

1 708 просмотра

Минсктегі пәтерлердің бірінен Қазақстан және Ресей азаматының өлі денелері табылды, деп жазады «Комсомольская правда» газеті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері желтоқсан айында өлтірілген екі азаматтың Беларус еліне келу себептерін анықтапты.

naviny.by Минск аймағы бойынша Тергеу комитеті басқармасының ресми өкілі Александр Герасимовқа сілтеме жасап, пышақ жарақатынан көз жұмған екі азаматтың Минскте пәтер жалдап тұрғанын жазады. Қаза болғандардың бірі Қазақстан азаматы, екіншісі ресейлік, екеуі де 33 жаста болған. Қаза болған Астана және Омск тұрғындарын әпкелері таныпты.

Агенттік хабарлауынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері олардың Беларусқа көлік сатып алу үшін келуі мүмкіндігін айтқан. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

9 қаңтар 2013, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.