Атырау, 28 наурыз 15:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Унитазға тұншықтырғысы келген". Алматы облысында әйелі мен балаларын ұрып-соғу ісі бойынша дерек шықты

5 259 просмотра

Алматы облысында әйелі мен балаларын ұрып-соққан ер адамға қатысты дерек шықты. Бұған дейін әйел адамның қабырғасы сынып, ал баласы оны унитазда тұншықтырғысы келгенін айтқан. "Немолчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова агрессор педофил екенін айтқан. Алматы облысының полиция өкілдері балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жолданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дина Смаилованың сөзінше, сараптама бойынша екі балаға да зорлық әрекеттері жасалғаны анықталған. 

"Тұрмыстық агрессор педофил болып шықты. Ер адам бұған дейін де сотталған, әйелі мен оның анасына қоқан-лоқы көрсетеді. Отбасы ауыр жағдайды басынан өткізіп жатыр. Оны өмір бақи бас бостандығынан айырады деп үміттенемін", - дейді Дина Смаилова. 

Алматы облысының полиция өкілдері іс сотқа жолданғанын хабарлады. 

"Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының, 1-бөлігі, 110-бабының, 2-бөлігі және 121-бабының, 4-бөлігі бойынша 45 жастағы ер адамға қатысты 2020 жылдың соңында Іле аудандық полиция бөлімшесі сотқа жолдады. Күдікті Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды", - дейді АЛматы облысы ПД өкілдері.  




25 қаңтар 2021, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.