Атырау, 30 маусым 12:32
 дождьВ Атырау +19.2
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

92 қыз-келіншек желідегі жігіттің өтірігіне алданып, ақшасынан айырылды

2 796 рет қаралды

Павлодарда қаскөй Instagram-да жалған парақша ашып, қыздармен танысқан, - деп хабарлайды zakon.kz.

Анасын емдеуге қаражат керек екенін, оны аудару үшін қыздардан банктегі есепшоттары мен жеке деректерін беруін сұраған. Содан соң сол қыздардың атынан онлайн-несие рәсімдеген. Осындай жолмен 92 қазақстандық оның тұзағына түсті, - деп атап өтті облыстық ПД.

Құзырлы ведомстваның хабарлауынша, сот оған 3,6 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мәжбүрлі түрде 100 сағатқа жұмысқа жегу туралы үкім шығарған.

25 қаңтар 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.