Атырау, 19 мамыр 16:08
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"ҚТЖ" басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

2 990 просмотра

"Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылданып жүріп жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҚТЖ "ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың "омыртқасы ауыр жараланды" деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité ("Шарите") клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

"Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сауат Мыңбаев 2018 жылы 20 қарашада "Қазақстан темір жолы" ҰК" акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалған. 

23 қаңтар 2021, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.