Атырау, 26 сәуір 20:06
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

2 804 просмотра

Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды Sputnik..

"Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген", - деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі  банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.

21 қаңтар 2021, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.