Атырау, 5 қазан 15:37
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жүрдек, бірақ қымбаттау

2 515 просмотра

Жыл басы барлық бағыттар бойынша теміржол билеттерінің 12 пайызға қымбаттауымен есте қалды. Республикалық «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарифтің көтерілуін отынның қымбаттауымен түсіндіріп отыр.

Атырау облысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның учаске бастығы Төлеген АЙНАБЕКТІҢ айтуынша, бізден Атырау – Алматы (қытайлық және кәдуілгі), Атырау – Ақтөбе, Атырау – Маңғышлақ, Атырау – Астана және Атырау – Астрахан бағыттары бойынша пойыздар жүреді. Дүйсенбіден бастап осы бағыттар бойынша билеттер 12 пайызға қымбаттады. Мәселен, Алматыға дейін купе билеттері енді 9 707 теңге, плацкарт – сөреге байланысты 6 255 және 4 467 теңге болды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы биыл Атырау – Алматы және Атырау – Астана бағыттары бойынша жедел бағытта жаңа екі пойыз ашуды жоспарлап отыр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Тимур АСЫЛХАНОВТЫҢ айтуынша, бұлар «Тұлпар - Тальго» қазақстандық-итальяндық зауытта шығарылған жүрдек пойыздар болмақ:

Мұндай құрам Ақтөбе – Астана бағыты бойынша жүріп жүр. Жол уақыты 11 сағатқа қысқарды. Зауыт жаңа пойыздарды тапсырған бойда оларды Атырау – Алматы және Атырау – Астана бағыттары бойынша жібереміз. Бұл жазға қарай болуы мүмкін. Жол уақыты екі есеге қысқарады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.