Атырау, 24 желтоқсан 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Шешенстанда жойылған содырлар тобының арасында Қазақстан тумасы бар

2 699 рет қаралды
© Sputnik / Саид Царнаев

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының алты өкілі жойылғанын мәлімдеді, арасында топ лидері де бар, деп хабарлайды sputnik.kz.

"Олар екі рет қашып үлгерді. Бұл жолы барарға жер қалмады. Енді біздің өңірдегі террористер тізімінде бірде-бір адам жоқ", - деп жазды Қадыров Twitter-де.

Кейін ол қайтыс болғандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың біреуі 1960 жылғы Қазақстан тумасы.

Терриризмге қарсы ұлттық комитет арнайы операция кезінде бес содыр жойылғанын хабарлады. Олардың басшылары Аслан Бютукаевтың  2011 жылы болған "Домодедово" әуежайындағы терактіге қатысы бар.

Ресей президенті Шешенстан басшысы мен арнайы операцияға қатысушыларды құттықтаған болатын. Олардың бәрі наградаға ұсынылады.

21 қаңтар 2021, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.