Атырау, 25 сәуір 13:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сирек жануарлардың терісін төсеп қойған басшының суреті желіде қызу талқыға түсті

2 304 просмотра

Әлеуметтік желіде Сәкен Ділдахмет есімді қолданушы қызыл кітапқа енген жануарды бөлмесіне қойып қолған Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушысы барыс пен сілеусіннің терісі, арыстанның мүсіні бар суретті көрсетіп, наразылық білдірді. Ол Қызыл кітапқа енген жануарлардың терісін кез келген сайттан сатып алуға болатынын айтып, шағымданды. 

"Соңғы уақытта желіде өлтірілген тау барысының терісін жиі кездестіруге болады. Теріні қалай алғандары ешкімге белгісіз. Бүгін спортшы Жаңқош Тұраров желідегі парақшасында Спорт академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың бөлмесінде түскен суретті жариялаған. Суреттен Закирьяновтың жұмыс бөлмесінде жабайы жануарлардың терілері мен мүсіндері бар екенін байқауға болады. Ол мұның барлығын қайдан алды деген сұрақ туындайды", - деп жазды Сәкен Ділдахмет. 

Оқиғаға қатысты экология министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап кеткенін айтты. 

"Бұл суреттер біздің наразылығымызды тудырып отыр. Біздің ортақ міндетіміз - Қызыл кітапқа кіретін жануарлардың популяциясын қорғау және сақтау. Суреттерде қар барысының, сілеусіннің және арыстанның мүсіні бар. Қазақстанда арыстандар өмір сүрмейді. Сондықтан, біз фотосуреттер қай жерде түсірілгенін анықтауымыз керек. Бұл шетелде болуы мүмкін. Суретте барыстың терісін байқауға болады. Бұл дерек бойынша министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инфекциясы құқық қорғау органдарына хабарласып, мән-жайды тексеріп, тиісті шаралар қабылдайтын болады. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап, ақпарат беріп отыратын боламыз", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов суретіндегі жануарларды өзі атып алғанын айтып берді.

"Бұл тау барысы емес, сілеусін. Және мен өзім атып алған арыстан. Сілеусіннің терісін маған Шығыс Қазақстанда болғанымда сыйға тартты. Ал аққуды қайдан алғаным есімде жоқ. Тарихпен шұғылданатындықтан осындай ерекше сыйлықтар жасайды. Сондықтан, тыйым салынған түгі де жоқ. Сілеусін қызыл кітапқа енбеген. Бұл қар барысы емес, сіздерге жай ғана солай көрінген сияқты", - дейді ол. 

Барыс - Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. Оны аулауға болмайды. 

20 қаңтар 2021, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.