Атырау, 20 сәуір 08:28
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша ақша жұмсалады

2 172 просмотра

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова коронавируспен ауырған адамды емдеуге қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавируспен ауырған науқасты емдеуға қанша қаражат кететіні аурудың қалай өтіп жатқанына байланысты. Сырқат жеңіл, орташа немесе ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Орташа деңгейде ауырып жатқан адамға 400 мың теңгеден астам қаражат кетеді. Ауыр түрде ауырып жатқан адамға 800 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл сомаға барлық зертханалық және диагностикалық қызметтердің құны, сондай-ақ, науқастың ауруханада алатын емі кіреді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова. 

Еске сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 187,7 млрд теңге бөлінгенін айтқан болатын.

20 қаңтар 2021, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.